Халықаралық отбасы күні

15- мамыр-Халықаралық отбасы күні. 
Осыған орай республиканың барлық мектептерінде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы болып өтті. 
N13 гимназия ата-аналары да бұл күні мектепке келіп, мектеп басшысымен, сынып жетекшілерімен және пән мұғалімдерімен кездесіп мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды.
Жаңа форматта өткізілген жиналысқа гимназияның өнегелі отбасылары қонаққа шақырылып, олар өздерінің дәріптеп жүрген отбасы құндылықтарымен ой бөлісті. Бұл Серіковтар, Дәрібаевтар, Бисеновтар, Қимағамбетовтар отбасы. Бір отбасы өнерді ұлықтаса, бірі салауатты өмірді, енді бірі балаларының алғашқы ғылым жолындағы жетістіктерін дәріптеп отырғандықтарын жеткізді.Гимназиядағы Мектеп-Ата-ана-Оқушы үштік одағының ынтымақтастығы келесі оқу жылында да жалғасын табады деген сенімдеміз. 





"Мектепте оқушыларды басқарудың тың идеясы", "Қазір жастарды жалқау дейді..." дебат

icon"Рухани жаңғыру" жобасы және қала мектептері арасында ынтымақтастықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған дебат. №11 физика математика мамандандырылған мектебі мен №13 гимназиясы мектептері арасында ұйымдастырылған дебат "Мектепте оқушыларды басқарудың тың идеясы", "Қазір жастарды жалқау дейді..." тақырыптарына арналды.  

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы

iconСыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы. Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді.Ендеше, сенбі күні өткізілген бүгінгі үйірмелерден фотобейнелер ұсынамыз.   

"Біз талантты іздейміз" байқауы

icon"Рухани жаңғыру" жобасы аясында мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары арасында "Біз талантты іздейміз" байқауы ұйымдастырылды.  

"Өзін өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" қойылымы

icon"Өзін өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі  Қалалық "Мейірімділік" сахналық қойылымынан "Шың" тобы - І орын, "Ән - көңілдің ажары" сайысынан 7- сынып оқушысы Болат Үміт - ІІ орын.

"Əкеммен өткен бір күнім" тақырыбында танымдық отбасылық сайыс өтті

icon"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" аясында отбасылық, мəдени, рухани құндылықтарды насихаттау жəне мектеп- ата- ана- оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 24 ақпан күні мектебімізде "Əкеммен өткен бір күнім" тақырыбында танымдық отбасылық сайыс өтті.  

Қайырымдылық, ізгілік,адамгершілік.Білім ордасындағы кезекті өткен қайырымдылық акциясы соның куəсі.

iconҚайырымдылық, ізгілік,адамгершілік. Адам бойындағы ең құнды қасиеттердің бірі. Гимназиямызда рақымды да мейірімді оқушылардың көптігі қуантады.Білім ордасындағы кезекті өткен қайырымдылық акциясы соның куəсі. 

100 есім" айдарымен өткізілетін байқау

iconАқылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосып келе жатқан  ұстаздарды  ыталандыру, қолдау  және мұғалімнің әлеуметтік және кәсіптік беделін көтеру мақсатында мектепшілік байқау ұйымдастырылады. 

"Зиянды әдеттерден аулақ бол!"

iconОблыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары "Зиянды әдеттерден аулақ бол!" тақырыбында 9-сынып оқушыларына дәріс оқу сәтінен. 

"Маңғыстау-киелі түбек" атты шығармалар байқауы

icon“Не xабар?!" республикалық тәуелсіз газеті ұйымдастырған "Маңғыстау-киелі түбек" атты шығармалар байқауында мектебіміздің 11-сынып оқушысы Жанабаева Наргиза 2-орынды иеленіп, жүлдегер атанды. Құттықтаймыз!  

"Жаратылыстану" пән бірлестігінің апталығы

iconМектебімізде 15-24 қаңтар аралығында "Жаратылыстану" пән бірлестігінің апталығы өтті. 

Соңғы жаңалықтар

"Интеллектум"

...

20 мамыр 2019
"Эколидер"

...

08 мамыр 2019