" Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді

Мектебімізде 30-қараша күні мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен " Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында 1-11сынып ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде:

1. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу ;

2. Жаңа жыл мерекесі және қысқы демалысты ұйымдастыру;

3. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында" Кітап оқу" акциясын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Жиналысымызға Актау каласы ПБ ЖПК ЮПБ бастығы полиция майоры Рахаев Нұрлан мырза қатысып, қаламызда болып жатырған жасөспірімдеріміздің арасында қылмыстық оқиғалары көбейіп бара жатырғанына тоқталып өтті! Мектеп директоры Мадина Мұратбайқызы барлық ата-аналарды ең бастысы балалардың тәрбиесіне үлкен мән беруге шақырды. Жиналысқа қатысқан ата-аналар өздерінің сұрақтарын қойып, жылы лебіздерін білдірді.