"Абай әлеміне саяхат" клубы ашылуы

Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы
Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған,-деп төрелігін өзі айтқан Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында біздің мектебімізде "Абай әлеміне саяхат" клубының кабинеті ашылды.
Мектебімізде 2017 жылы Абай мұрасын насихаттау, жас ұрпақты рухани нәрлендіру мақсатында Сайын Назарбекұлының қолдауымен "Абай әлеміне саяхат" клубы ашылған болатын.
Қазіргі заманауи талаптарға сай , Ұлылардың шығармаларын оқи алуға жағдай жасалғалған клуб кабинетінің ашылу салтанатты шарасына Маңғыстау Облысының Білім Басқармасының және Ақтау Қалалық Білім Бөлімінің басшыларымен қатар мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдерімен қатап ардагер журналист Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Әнуар Жәнібек және ақын Қазақстан жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі Темір Мыңжас қатысты.
Мерекелік шараның шымылдығын Ордалы Қосай мен Ахметова Алевтина Сабырқызы ашты.
Облыстық білім басқармасының басшысы А.Сейдалиев,
Ш.Есенов университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымының докторы Б.Нұрдаулетова және ардагер ұстаз Ордалы Қосай клуб мүшелерін құттықтады.
Қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болған Абай әлемін өскелең ұрпақтың алтын қазынасына айналдыру біздің басты бағытымыз боп қала бермек. 





Мектебіміздің ұстаздарына НҰРСҰЛТАН қаласынан тағы бір АЛҒЫС ХАТ

icon

3 деңгейлі су сүзу құрылғысы


Тәуелсіздік күніне орай

icon

Үлгілі отбасы — ұлттың ұйытқысы.


МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА КЕРЕМЕТ ЖЕТІСТІК

icon

" Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді

icon

Адалдық сағаты


"Қазақстан балалары - күзгі интерактив" ОТБАСЫЛЫҚ ШЕБЕРХАНА.

icon

"Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тренинг сабактары

icon

“КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫ-2020" жас мамандар байқауынан БАС ЖҮЛДЕ

icon

Соңғы жаңалықтар